Семейде «Алаш арыстары - Мұхтар Әуезов» мұражайының жаңа экспозициясы ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Алаш» партиясы, Алашорда үкіметі құрылуының 100 жылдық мерейтойына орай, Семейде «Алаш арыстары - Мұхтар Әуезов» мұражайының жаңа экспозициясы ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 Жаңа экспозиция 1997 жылы ашылған Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің бөлімі ретінде жұмысын бастап отыр.

null  

Аталған қорық-музейдің ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаеваның айтуынша, Хәкім Абай кезінде осы үйді жерлесі әрі шәкірті, Алаш қозғалысына белсене қатысушылардың бірі Әнияр Молдабаевқа сатып алуға көмек берген. Сонымен бірге, Абай өзі Семейге келген сапарларында осы үйге түсетін болған. Әнияр Молдабаевтың үйінде ұлы ақынның балалары мен туыстары, Көкбай Жанатайұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлы, Алаш қайраткерлерінің де жиі болғаны белгілі. Бұл үйде Ахмет Байтұрсынұлы әйелі Бадрисафамен тұрған. Сонымен қатар, ғұлама жазушы Мұхтар Әуезов өзінің мекенжайы ретінде осы үйді құжатта көрсеткен.

null  

«1944-1967 жылдары бұл ғимаратта Абай музейі орналасты. Кейін балалар кітапханасы жұмыс істеді. Ұлы Абайдың өміріне тікелей қатысты тарихи орын ретінде 1990 жылы ғимарат ұлы ақын музейінің теңгеріміне беріліп, Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында 1992-1995 жылдары аралығында музейдің уақытша экспозициясы қоныс тепті.1997 жылы бұл ғимаратта Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы Алаш тарихына арналған тұңғыш музей «Алаш арыстары - Мұхтар Әуезов» мұражайы ашылып, халыққа қызмет көрсетіп келеді», - дейді Мейрамгүл Қайрамбаева.

null 

Директорың орынбасарының айтуына қарағанда, үстіміздегі жылдың басында ғимаратқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін музей залдарында реэкспозиция жұмыстары жасалған. Жаңа экспозицияның тұжырымдамасын белгілі алаштанушы ғалымдар: ҰҒА академигі Д.Қамзабекұлы және С.Аққұлыұлы дайындауға көмектескен. Осы тұжырымдаманың негізінде тақырыптық-экпозициялық жоспар дайындалды. Жаңа экспозицияда Алаш қозғалысы тарихының 6 кезеңі тың құжаттар мен деректер негізінде өзгеше қырынан көрсетілген.

null 

«Музей экспозициясы кеңейіп, ғимараттың  бұрын бос тұрған бірінші қабатында ХХ ғасырдың басындағы үй интерьері жасалды. Екінші қабаттағы экспозиция арнайы тапсырыспен жасалған Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Ш.Құдайбердіұлы, М.Әуезовтің мүсіндерімен толықтырылды. Әйгілі балауыз фигуралар сияқты бұл мүсіндерді жасауда суретшілер заманға сай материалдар - керамопласт және шыныталшық қолданды», - дейді ол.

null 

Музейдің ашылу салтанатына облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Сақтағанов қала әкімі Е.Сәлімов, алаштанушы ғалымдар, қаланың зиялы қауымы және БАҚ өкілдері қатысқан.

null null null 

Соңғы жаңалықтар