Семейде ақ түсті жедел жәрдем көліктері жаппай сарыала түске боялуда

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде жедел жәрдем көліктері сарыала түске боялып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.   

Бір көлікті бояу үшін шамамен 200 мың теңге қаржы керек.  Ал қаражат жедел-жәрдем станциясының өз есебінен жұмсалады. Сондықтан барлығын бірден сары түске бояп, жарық шағылыстыратын қызғылт элементтерді орнату мүмкін болмай тұр.

Бүгінгі күні  қалада 36 жедел-жәрдем бригадасы бар. Қазір тек біреуі ғана сары түске боялып, элементтермен ерекшеленді. Енді қалған көліктер біртіңдеп  бірыңғай стандартқа 1 жыл ішінде көшпек.

Семейдегі Жедел жәрдем қосалқы стансасы орталығының меңгерушісі Эльвира Гатауллинаның сөзінше, бұл дәрігерлердің жедел әрі қауіпсіз қызмет көрсетуіне мүмкіндік береді.

«2018 жылдан бастап барлық жедел жәрдем көліктері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілген стандартқа сәйкес  өзгертілуі керек. Әзірге қалада тек реанимация көлігі өзгертілді. Талаптарға сай етіп өзгертуге өз есебімізден ақша жұмсалады және бұл арзан емес. Сонымен қатар көліктің сырты өзгергеннен кейін оның техникалық куәлігі де өзгереді. Сондықтан бір-бірден өзгертеміз», - деді Эльвира Гатауллина. 

Соңғы жаңалықтар