+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

Семейде ағайынды жігіттер төбелесіп, біреуі пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

2019 жылғы 6 наурыз 10:55
Бөлісіңіз:
Семейде ағайынды жігіттер төбелесіп, біреуі пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде алкогольдік ішімдік ішкен екі ағайынды жігіт төбелесіп, бірі пышақ жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 5-ші қаңтар күні сағат 20.00-де болған. 38 жастағы Рүстем Дәулетбаевтың үйіне туған інісі Серік Дәулетбаев келеді. Інісімен әңгіме жарасқан соң, ағасы дастарханға ішімдік әкеледі. Бірақ арада уақыт өткен соң екеуінің арасында жанжал туындап, бір-бірін балағаттай бастайды. Ал ашуға булыққан ағасы інісін асүй пышағымен жарақаттайды.

Азамат көп қан жоғалтып, ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Абырой болғанда аман қалды.

Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, сот үкімі шықты.

ҚР Қылмыстық Кодексiнің 106-бабы, яғни денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін жауапқа тартылған Рүстем Дәулетбаев сотта өз кінәсін мойындап, кешірім сұрады. Түсініктеме берген інісі де ағасын кешіргенін және ауыр жаза қолданбауды өтінді.

Сот қаулысымен сотталушы азамат 1 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

«Сотта Рүстем Дәулетбаевтың бұрын сотталмағаны және тараптардың түсініктемесі ескерілді. Айыпталушы шартты түрде сотталып, айыппұл салынды. Яғни, прокурордың талаптары қанағаттандырылып, жәбірленушіге стационарлық емдеу үшін кеткен 158 616 теңгені мемлекетке төлейді», - деді Семей қалалық №2 сотының баспасөз қызметі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бағым Ғалымбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT