Семейде ағайынды екі бала коронавирустан жазылып, үйіне оралды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында ағайынды екі бала жұқпалы індеттен жазылып шықты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Семейдегі жұқпалы аурулар ауруханасында жатқан 2006 және 2007 жылғы балалар коронавирустан айыққан.

«Қазіргі уақытта екеуі өз үйлерінде, жағдайлары жақсы. Олар толықтай тексеруден өткен. COVID-19 сынамасы теріс нәтиже көрсетті», - делінген мәліметте.

2006 жылы жылы туған жасөспірімде ауруханаға түскенде құрғақ жөтел, әлсіздік және 38 градус температура болған. 3 сәуірде оған «пневмония» диагнозы қойылды. Коронавирусқа алынған сынама оң болып шыққан. Үш күннен соң оның 2007 жылы туған бауырынан вирус табылды.

Естеріңізге сала кетсек, 20 сәуір Шығыс Қазақстанда 3 адам қауіпті дерттен жазылып шыққан болатын. Бұл - 1959 жылғы семейлік әйел мен Өскемен қаласында тұратын 1938 жылғы екі зейнеткер.


Соңғы жаңалықтар