Семейде «Абай жолы» жаяу жүргіншілер көшесінің құрылысы аяқталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында «Абай жолы» жаяу жүргіншілер көшесінің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл – Алматы облысының Семейге Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай тартуы. Жаяу жүргіншілер көшесінің құрылысы маусым айында басталған. Ол Әуезов даңғылы мен Селевин көшесі қиылысынан бастап, ет комбинатына дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы ұзындығы 2 100 метрді құрайды.

Көше бойына тас төсеуіш төселіп, орындықтар, балалар және спорт алаңдары орнатылған. Жарықтандыру жүргізіліп, екі мың ағаш отырғызылды. Сонымен қатар жобаға ұзындығы 1600 метрді құрайтын веложол енгізілген, ол темір жолдан басталып ет комбинаты маңында аяқталады. Бұдан бөлек, көше бойына Абайдың нақыл сөздері жазылған жеті стелла орналастырылған.

«Бүгінгі таңда жұмыс аяқталып қалды. Алматы облысынан геодезистер келіп топографиялық түсірілім жүргізуде. Нысанды қабылдап алу тобы келді. Одан кейін оны тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық департаментіне өткізеді. Бұл – Алматы облысының Абайдың 175 жылдығына орай сыйлығы, - деп атап өтті өндірістік жұмыс жетекшісі Рафаил Хазипов.

Айта кетейік, аталған жоба құны – 600 млн теңге.


Соңғы жаңалықтар