Семейде Абай мерейтойына орай халықаралық көрме ашылды
2020 жылғы 12 ақпан 12:04

Семейде Абай мерейтойына орай халықаралық көрме ашылды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде Абайдың 175 жылдығына арналған «Тау мен дала әуені» атты халықаралық көрме ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрмеге 60-тан астам кескіндеме, графика және сәндік-қолданбалы өнер туындылары қойылған. Олардың авторлары Нұр-Сұлтан, Алматы, Щучинск қалалары мен Оңтүстік Кореяның танымал суретшілері. Экспозицияда пейзаждар, қала көріністері, натюрморттар, ұлттық тақырыптағы сюжеттік картиналар ұсынылған. Суреттерден басқа мұнда қолөнершілер жасаған ұлттық сәукелелер де бар.


«Көрмеге қазақстандық және шетелден келген 15 суретші қатысуда. Суреттер әртүрлі техникада жасалған. Осыған дейін бұл көрмені Нұр-Сұлтан, Париж, Лондон, Брюссель қалаларында өткіздік.Шетелдіктер көрмені өте жақсы қарсы алды. Қазақстан олар үшін экзотикалық ел болғандықтан, ұлттық стильде жасалған туындыларға қызығушылық танытты, - дейді көрме кураторы Бибігүл Смақова.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT