Семейде Абай мерейтойына орай халықаралық ақындар айтысы өтеді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында ұлы ақынның 175 жылдығы аясында халықаралық ақындар айтысы өткізілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайлы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина мәлім етті.

«Өткен жылы хакімнің мерейтойына дайындалу үшін арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. Оның құрамына абайтанушы ғалымдар, тарихшылар, қоғам қайраткерлері, журналистер, жоғары және арнайы орта оқу орындарының басшылары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері кірді. Жан-жақты талқылаудан кейін 200 шара өткізу жоспарланған», - дейді ол.

Оның айтуынша, Абайдың 175 жылдығы аясындағы ең ауқымды шаралар – халықаралық суретшілер пленэрі, ЮНЕСКО көлеміндегі ғылыми-практикалық конференция, «Ақылдың кені – данышпан» тақырыбындағы халықаралық айтыс болмақ.


Соңғы жаңалықтар