Семейде Абай мен балаларына ескерткіш орнатылады

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Сенат депутаты Дүйсенғазы Мусин Семей қаласына барды. Сапар барысында ол Абай атындағы музейге және алаңға арнайы атбасын бұрып, ұлы ойшылдың 175 жылдығына дайындық жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімі сенаторға таяуда ғана Абай алаңын абаттандыру жұмыстары аяқталғанын айтты. Соның нәтижесінде бұл жерде ойын және спорт алаңдары ашылып, жас талдар отырғызылған. Сондай-ақ, ақын ескерткішін жарықтандырып тұратын арнайы қондырғылар орнатылған.

Қалада Абай атындағы театрға да жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Театр көркемдік жетекшісінің айтуынша, ғимараттың тарихи келбеті толық сақталады. Мерейтой аясында ақын музейінде Абай мен балаларына арналған еліміз бойынша алғашқы ескертіш орнатылады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Дүйсенғазы Мусин Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай өңірлердің Семей қаласын көркейту туралы Үкімет тапсырмасын қалай орындап жатқанына назар аударды.

Осыған орай сенатор облыс әкімдіктері бұл мәселеге баса мән беріп, аталған тапсырманың орындалуын бақылауға алу керектігін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар