Семейде Абай күнінде жерлестер форумы өтті

Фото: None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында Абай күніне орай жерлестер форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Семей қаласында жерлестер бизнес форумы болып өтті. Форум Абай Құнанбайұлының 177 жылдығына арналған.

Форумға Семейде, басқа қалалар мен елдерде тұрып жатқан, бірақ туған жерінің өркендеуіне үлес қосуға дайын бизнес өкілдері жиналды. Шараның шымылдығын Абай облысының әкімі өз сөзімен ашты.

«Бүгін біз Абай күнін атап өтудеміз. Бұл ұлы ақынға деген оның есімімен аталатын аймақ құрылғаннан кейінгі алғашқы құрметі. Сондықтан мереке есте қаларлықтай болғанын қалаймын. Форумға біздің жерлестеріміз - бұрынғы Семей облысы мен Семей қаласының тумалары жиналды», - деді Нұрлан Ұранхаев.

Шара барысында Абай облысын металлургия, ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі дамыған ірі өңірге және туристік орталыққа айналдыру туралы сөз қозғалды. 2025 жылға дейін тау-кен саласында 5 инвестициялық жоба іске асырылады деп жоспарлануда.

Форум аясында қонақтар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, қала музейлеріне барып, футбол бойынша жолдастық матч өткізді. Футболға Абай облысының әкімі де қатысты.


Соңғы жаңалықтар