Семейде Абай күнінде қандай шаралар өтеді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында Абай күнінде бірқатар шаралар жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде Абайдың 176 жылдығы аясында бірқатар мерекелік іс-шаралар өтеді.

Атап айтқанда, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, профессор Нұрбұлан Өтепбаевтың «Көргенім... Көңілдегім...» атты көрмесі өтеді. Суретшінің көрмесі осыған дейін Өскемен, Павлодар, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында ұйымдастырылған болатын.

«Абай күніне орай бірнеше шара өткіземіз. Ең әуелі хакім ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен бастаймыз. Одан кейін «Абай музейінің ғылыми тұжырымдамасы« атты дөңгелек үстел өтеді. Сондай-ақ ұлы Абайдың туған күнінде «Kazakhstan Speedcubing Federation» командасы 3000 текше рубиктен тұратын панно-портрет жасамақ», - деді музей директоры Тұрдықұл Шаңбай.


Соңғы жаңалықтар