Семейде Abai Marathon өтеді

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - 23 шілде күні Семей қаласында «Абай Марафон» жеңіл атлетикалық жарысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аймақ әкімдігіне сілтеме жасап.

Спорт шарасына Абай облысынан бөлек Астана, Павлодар, Қарағанды және Қазақстанның басқа қалаларынан келген әуесқой спортшылар да қатыса алады.

Қатысушылар үшін келесі қашықтықтар қолжетімді болады:

- Кросс - 5 км;

- Жүгіру - 10 км;

- Жартылай марафон - 21.1 км.

Марафон аясында белгілі жүргізушілердің қатысуымен шоу-бағдарламалар, сондай-ақ серіктестерден жүлделер, ұтыс ойыны мен конкурстар өтеді.

Жарыс басталғанға дейін бүкіл қатысушылар бірлескен жаттығу өткізеді.

Іс-шара туралы толық ақпарат және қатысушыларды тіркеу ұйымдастырушылардың www.globalsport.kz сайтында қолжетімді.

Қатысушылар саны: 500 адамға дейін.

Өтетін күні мен уақыты: 23 шілде сағат 7:00-ден 13:00-ге дейін.


Соңғы жаңалықтар