Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.19 EUR 426.63
RUB 5.92 CNY 56.54
Jańalyqtar

ҚР ІІМ вице-министрі Семейде су тасқыны жағдайымен танысты

2018 жылғы 28 наурыз 15:48 330
Бөлісіңіз:
ҚР ІІМ вице-министрі Семейде су тасқыны жағдайымен танысты

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде мұз кептелісінің салдарынан Ертіс өзені арнасынан шығып, тұрғын үйлерге қауіп төндіруде. Осыған байланысты құрылған жедел-штаб мүшелері аймақты тікұшақпен аралап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда нөсер салдарын жою үшін жедел штаб құрылды СҚО-да су шайып кеткен жолдар қалпына келтірілді

Семейге арнайы келген ҚР ІІМ вице-министрі Юрий Ильин, қала әкімі Ермак Сәлімов, облыстық ТЖД басшысы Нұрлан Мадьяров және Ертіс бассейндік инспекциясының өкілдері тікұшақпен Ертіс өзені қауіп төндіруі мүмкін аумақтарды аралады. Нәтижесінде мамандар өзенде кептеліп қалған сеңді жасанды жолмен жару керектігін шешті. Қазір аталған жұмыстар қолға алынуда.

Осы уақытқа дейін Түйемойнақ аралы ауданынан 97 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның ішінде 6 адам үйлерін тастап кетуден бас тартқан. Қазір эвакуацияланған тұрғындар қаладағы екі қонақүйге орнастырылуда.


ҚР ІІМ вице-министрі Семейде су тасқыны жағдайымен танысты

«Қазіргі уақытта жағдай бірқалыпты. Қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындармен сөйлестік. Қажет болса медициналық, психологиялық көмек көрсетіледі. Зардап шеккендерге ыстық тамақ берілуде. Түйемойнақ аралы ауданында тұратын тұрғындардың тізімін анықтап жатырмыз. Оқиға орнында қала әкімі мен төтенше жағдай басқармасының мамандары жұмыс істеп жатыр. Жағдай жергілікті билік өкілдерінің бақылауында. Азаматтық қорғаныс қызметтері толықтай дайын», - деді Семей қалаcы әкімінің азаматтық қорғаныс және жұмылдыру дайындығы жөніндегі көмекшісі Берік Түсіпов.

ҚР ІІМ вице-министрі Семейде су тасқыны жағдайымен танысты

Айта кетейік, бүгін таңертең Ертіс өзені деңгейінен көтеріліп, жағалауға жақын аудандар мен кенттерге қауіп төндірген еді. Қазір жергілікті атқарушы органдар мен құтқару бөлімдерінің барлық күштері су басқан Түйемойнақ аралы ауданындағы «Қыран ұясы» және «Биологиялық орталыққа» дейінгі жолдың бойында алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Оған 35 адам мен 10 техника жұмылдырылды.



ҚР ІІМ вице-министрі Семейде су тасқыны жағдайымен танысты 

Түйемойнақ аралына апаратын жолға жол-патрульдік полициясының бекеті қойылды. Полицейлер аралда тұрмайтын тұрғындарды ол жаққа жібермейді. Су деңгейі бақыланып отыр. Сондай-ақ, қалалық Төтенше жағдайлар қызметкерлері су басу қаупі бар Шығыс, Мирный кенттеріндегі үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бағым Ғалымбекқызы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT