Семейде 84 көшенің жолдары жөнделеді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде қала көшелерін және аулаларды абаттандыруға қалалық бюджеттен 1 милиард 196 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018-2020 жылдарға арналған менің аулам» өңірлік бағдарламасы аясында осы жылы көп қабатты тұрғын үйлердің қасындағы  12 ауланы  абаттандыруға қалалық бюджеттен 611 миллион теңге бөлініп, қазір жұмыстар жүріп жатыр.

Сонынмен қатар, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қаланың әр ауданынан  11 спорттық алаң салыну жоспарлануда. Оған 90 миллон теңге қаражат бөлінді. Әсіресе қалалықтардың жиі барып демалатын орнына айналған Абай алаңын абаттандырып жөндеуге 87 миллион теңге бөлінді. Қазір жұмыстар жүріп жатыр.

«Халықаралық маңызы бар Мичурин көшесіндегі жолдарда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Қалалықтардың өтініші бойынша көптеген жылдар бойы жөнделмеген Найманбев көшесінің жолдары жөнделеді. Сонымен қатар автокөліктер көп жүретін Тәңірбергенов, Титова, Орманды, Қабанбай батыр, Аймауытов тағы басқа көшелер жөнделуде. Қазіргі уақытта 36 көшедегі жолдар ағымдағы жөндеуден өтті», -деді  қала әкімі Ермак Сәлімов.  

Жалпы айтқанда, биыл қала көшелерінің жолдарына күрделі және ағымдағы жөндеуге 2 милиард 235 миллион теңге бөлінді. Ағымдағы жөндеу жұмыстары қаланың 70 көшеде, ал орта жөндеу 20 шақырымды құрайтын 14 көшеде жүргізіледі.

null

Соңғы жаңалықтар