+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

Семейде 8 жастағы бала суға батып бара жатқан 4 жасар бүлдіршінді құтқарды

2019 жылғы 23 мамыр 22:40
Бөлісіңіз:
Семейде 8 жастағы бала суға батып бара жатқан 4 жасар бүлдіршінді құтқарды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде екінші сынып оқушысы суға батып бара жатқан 4 жастағы баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқыс оқиға 19-шы мамыр күні түсте болған. Бір топ бала өзеннің шомылуға тыйым салынған маңына ойнауға барады. Осы кезде 4 жастағы ұл судың тереңдігін тексеріп көру үшін суға кіреді. Алайда суға құлап, өз еркімен қайтадан шыға алмай қалған. Мұны көрген 8 жастағы Виктор Новоселов көмекке келген. Алайда өз еркімен баланы алып шығуға 8 жастағы оның күші жетпеген. Сондықтан үлкендер келгенге дейін қолынан ұстап тұрған.

«Ол суға шашалып, аузынан көпіршіктер шығып, батып бара жатты. Мен ол батып кетпеу үшін қолынан ұстап өзіме қарай тартып тұрдым. Көмекке үлкендер келіп алып шықты»,-дейді Виктор.

Қазір қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының басшылығы Виктордың ерлігіне құрмет көрсету үшін қажетті құжаттарды реттеп жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бағым Ғалымбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT