Семейде 8 жасар баланы көлік қағып кетті

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 8 жасар баланы көлік қақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы кеше Сеченов көшесіндегі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде болды.

«Toyota» көлігінің жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан сегіз жасар баланы қаққан.

«Екінші сынып оқушысы Семей қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. 54 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы (Көлiк жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзып, адам денсаулығына зиян келтiруі, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соғуы) әкімшілік хаттама толтырылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Енді ол 40 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттеліп немесе тоғыз айға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар