Семейде 79 жастағы қария иіс тиіп көз жұмды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында иіс тиген қария ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жақында зейнеткер ұлымен бірге пештің мұржасын тазалаған. Кейін күн суытып кеткендіктен пеш жаққан.

«Қарт кісі бүгін таңертең өзін жайсыз сезіне бастаған. Ауруханаға ауыр хәлде жеткізілді. Өкінішке қарай, ол бірнеше сағаттан кейін көз жұмды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жалпы облыс бойынша жылыту маусымы басталғалы бері 10 адам иіс тиіп қайтыс болса, 54 адам зардап шеккен. Оның ішінде 4 адам бітелген мұржаларды тазалаймын деп жан тапсырған. Осы ретте, құтқарушылар тұрғындарға пеш жаққанда және мұржа тазалағанда мұқият болуды ескертеді.


Соңғы жаңалықтар