Семейде 700-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының кәсіпорындарында 700-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылған. Бұл жайлы шаһар әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрымбет Сақтағанов баспасөз мәслихаты барысында Семей қаласының әкімі лауазымына кіріскен уақыттан бастап түрлі салаларда кездескен негізгі қиындықтарға тоқталды. Өз сөзінде ол жылумен жабдықтау, жарықтандыру, қоқыс шығару, автобус маршруттары мен жол мәселелерінің шешімін тауып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ шаһар тұрғындарының орташа жалақы мәселесіне тоқталып, бұл проблема жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы шешілетінін атап өтті.

«Азаматтар үшін лайықты жалақысы бар жаңа жұмыс орындарын ашуымыз керек. Әлбетте, семейліктердің орташа жалақысының өскені абзал. Еңбекақысы жоғары бос жұмыс орындары да аз емес. Мысалы, қалада 30 жасқа дейінгі жастарды қызметке алуға дайын әскери бөлімдер бар. Егер әскери билет болса, жалақы – 200 мың теңге. Сонымен қатар басқа да мемлекеттік қолдаулар жетерлік», - деді әкім.

Сондай-ақ шаһар басшысы бүгінгі таңда Семей кәсіпорындарында 700-ге жуық бос жұмыс орны ашылғанын айтты. Олардың біріне орналасқысы келетіндер үшін қажетті мамандыққа қайта оқуға мүмкіндік те бар.


Соңғы жаңалықтар