Семейде 7-сынып оқушысы Ертіске батып бара жатқан досын құтқарып қалды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде 11 жасар бала Ертіс өзеніне батып кете жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 мамыр күні Әуезов аудандық полиция бөліміне қала тұрғыны хабарласып, Шағала ауданы маңында көз алдында кішкентай баланың суға кеткенін хабарлаған.

Оқиға орнына бірінші болып жеткен патруль полициясы батальоны Ертіс өзеніне батып кете жаздаған 11 жасар оқушыны дереу жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.

Кейін анықталғандай, баланы оның сыныптасы, №11 орта мектептің 7-сынып оқушысы Руслан Нұрғалиұлы Омаров құтқарып қалған.

Ол досына алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

«Жүзу білмесеңіз және негізгі қауіпсіздік ережелерінен бейхабар болсаңыз, суға түспегеніңіз абзал. Ата-аналар кәмелетке толмаған баласын көзден таса етпегені дұрыс» деп ескертеді полиция.


Соңғы жаңалықтар