Семейде 55 көшені су басуы мүмкін
2020 жылғы 20 ақпан 16:13

Семейде 55 көшені су басуы мүмкін

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жеке меншік сектордағы 55 көшені су басуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семейде су тасқынының алдын алу мақсатында бірқатар шаралар қолға алынған. 220 мың текше метр қар шығарылып, арықтар тазалануда. Инертті материалдар қоры да жеткілікті.

«264 тонна құм, 5 тонна инертті материал, 32 су сорғыш насос бар. Қала әкімінің тапсырмасына орай қосымша қар шығару учаскелерін анықтайтын жұмыс тобы құрылған. Мониторинг барысында жеке меншік сектордағы 55 көшені су басу қаупі бар екені анықталды. Бүгінде Қайым Мұхамедханов көшесі, Восточный, Мирный, Степной және Дальный аудандарында қар шығару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр», - дейді қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков.

Оның айтуынша, өткен жылы мұз қалыңдығы - 52 см болса, биыл - 29 см. Шүлбі су электр станциясынан су жіберілуіне де мониторинг жүргізілген. Қазірде мұз жару жұмыстарына байланысты меморандум жасалып, тиісті қаражат қарастырылыпты. Осы орайда карта әзірленіп, мұз жару орындары белгіленген.

Бұның барлығы тек қажет болған жағдайға ғана жүргізіледі.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT