Семейде 51 жастағы әйелді қағып өлтіріп, ізін суытқан жүргізуші іздестіріліп жатыр

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында реттелмеген жаяу жүргіншілер жолағында екі адамды қағып кеткен жүргізуші іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 11 маусым күні түнгі сағат 01.45-те «Океан» базарының бойындағы Әуезов даңғылында келе жатқан белгісіз жүргізуші Селевин көшесіндегі реттелмеген жаяу жүргіншілер жолағында екі адамды қаққан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 51 жастағы әйел сол жерде көз жұмды. 1979 жылы туған ер адамға амбулаториялық емдеу тағайындалды. Ал жүргізуші оқиға орнынан із суытқан. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оны анықтау үшін тиісті шараларды атқаруда. Бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерделеніп, куәгерлер анықталуда», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен және 347-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары осы оқиғаға куә болған тұрғындарға полиция басқармасына хабарласуын сұрайды.


Соңғы жаңалықтар