Семейде 5 мың оқушы «Жас ұлан» қатарын толықтырды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 5 000 оқушы «Жас ұлан» қатарын толықтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Семей қаласында «Жас ұлан» ұйымының қатарына 5000-ға жуық оқушыны қабылдау рәсімі өтті.

Шара барысында 100 үздік оқушыға Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназияның математика пәнінің мұғалімі, «Үздік педагог-2020» республикалық байқауының жеңімпазы Жанар Сағатбекова, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның математика пәнінің мұғалімі, 2021 жылдың үздік педагогы атанған Жанар Дүрмекбаева, білім ардагері Валерий Адаричев салтанатты түрде галстук байлады.

Жасұландықтар ұйым қатарына кіріп, салтанатты ант берді.

«Жас ұлан» балалар-жасөспірімдер қозғалысының мақсаты – патриоттар мен белсенділердің жаңа буынын қалыптастыру. Қозғалыс мүшелері оқу озаттары, мектеп және қоғамдық шаралардың белсенді қатысушылары болады. Жасұландықтар сабақты жақсы оқиды және барлық жағынан үздік болуға тырысады», - деп хабарлады қала әкімдігі.

Бұл ұйымға мүше болудың екідеңгейлі жүйесі бар. Жоғары буынға 5-10-сынып оқушылары, төменгі буынға 1-4-сынып оқушылары кіреді.


Соңғы жаңалықтар