Семейде 5 қабатты үй өртеніп, 1 адам мерт болды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде 5 қабатты тұрғын үй өртенді. Салдарынан 1 адам көз жұмып, 79 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өрт 8 ақпан күні сағат 01.43-те Селевин, 15 мекенжайында тіркелген. 79 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның 20-сы бала. Ал 162 адам дер кезінде пәтерлерінен шығып үлгерген.
Анықталғандай, өрт көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден шыққан. Тілсіз жауды ауыздықтаған құтқарушылар пәтерден ер адамның мүрдесін тапты. Қазір оның жеке тұлғасы анықталып жатыр.
«Өрттің жалпы аумағы 20 шаршы метр. Салдарынан пәтердің есік-терезесі, жиһаз, тұрмыстық техника жанып кетті. Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, өрт қасақана қойылған немесе өрт қауіпсіздік ережелері сақталмаған. Қазіргі уақытта қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындардың барлығы баспаналарына оралды»,-деді мемлекеттік өртке қарсы күрес басқармасының бастығы Ернар Жалелов.
- Қарағанды облысында боранда жоғалып кеткен 3 адамның біреуі өлі күйінде табылды
- Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты, зардап шеккендер бар
- ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
- Алматыда жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды
-
Алматыда жүк көлігі құрғақ субұрқақты қиратып кетті
-
ШҚО полицейлері жоғалған 19 жылқыны иесіне қайтарды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам