Семейде 41 өрт сөндіруші дүкенді шарпыған жалынмен күресуде

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында өрт сөндірушілер дүкенді шарпыған алапат өртпен күресуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 16 сәуірде сағат 10.00 шамасында Семей қаласындағы Қашағанов көшесінде орналасқан дүкеннің өртеніп жатқаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл келіп жетті.

«Анықталғандай, тілсіз жау көптонналы контейнерлер мен қойма үй-жайларын шарпыған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Сол маңдағы азаматтар өз беттерімен сыртқа шығып үлгерген», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 41 адам мен 11 автоцистерна жұмылдырылған. Алдын ала болжам бойынша өрттің жалпы ауданы 500 шаршы метрге жетеді. Жалынның неден шыққандығы әзірге белгісіз.


Соңғы жаңалықтар