Семейде 40 жастағы ер адам суға батып кетті

Фото: None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 40 жастағы ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

40 жастағы қала тұрғыны 31 мамыр күні із-түссіз жоғалып кеткен. Полицияға хабар түскен соң тәртіп сақшылары мен еріктілер жедел-іздестіру шараларына кірісті. Құтқарушылар да су айдындарының жағалауларын тексерген.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 4 маусым күні ер адамның денесі Ертіс өзенінен табылды.

«Мәйіт өзеннің Приреченское ауылдық округінің Мұздыбай ауылындағы тұсынан табылған. Болжам бойынша ол суға түсіп жүріп батып кетті», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жыл басынан бері өңір бойынша 5 адам суға кеткен. Құтқарушылар тұрғындарға суда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Риддер тұрғыны үйінің ас бөлмесін есірткі қоймасына айналдырғанын хабарлаған едік.
Соңғы жаңалықтар