+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Семейде 4 мың жаңа жұмыс орны құрылмақ

2020 жылғы 20 ақпан 13:13
Бөлісіңіз:
Семейде 4 мың жаңа жұмыс орны құрылмақ

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 2025 жылға дейін 4 мың жаңа жұмыс орны құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жұмыспен қамту және әлеуметтік төлем: төтенше жағдай кезінде мемлекет қандай шаралар қабылдауда Жамбылда 20 мыңға жуық уақытша және тұрақты жұмыс орындары ашылады Қостанай облысында 31 мың адам жұмыспен қамтылмақ

«Семей қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған кешенді жоспардың нәтижесінде 2025 жылға қарай бірқатар нәтижелерге қол жеткіземіз. Нақты айтсақ, өндіріс саласының көрсеткіштері 1,6 есеге, негізгі капитал инвестициясы 1,2 есеге, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,2 есеге, бөлшек тауар айналымы 2 есеге артады. Сонымен қатар 4 мың жаңа жұмыс орны құрылып, жалпы көлемі 703 мың шаршы метрлік 133 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі», - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде.

Оның айтуынша, алдағы 5 жыл ішінде еліміздің тарихи орталығында 4 мектеп және 4 балабақша бой көтереді. Бұдан бөлек, жаңа балалар ауруханасы мен мүгедектерге арналған оңалту орталығы салынатын болады.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Семей қаласын дамытуға 260 млрд теңге бөлінетіндігі хабарланған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT