Семейде 300 әскери қызметші шаңғы жарысына қатысты

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде Ауғанстаннан әскердің шығарылғанына 31 жыл толуына және облыстық гарнизонның әскери бөлімдері арасында қысқы спорт түрлерін насихаттау аясында шаңғы жарысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Шығыс» аймақтық қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 5 шақырым қашықтыққа өткен жарысқа 300-ге жуық әскери қызметші – әскери құрамалардың 15 командасы қатысты. Шаңғы жарысына интернационалист жауынгерлер құрметті қонақ ретінде шақырылды.

Жарыс басында «Шығыс» аймақтық қолбасшылығының қолбасшысы полковник Асан Жүсіпов барлық интернационалист жауынгерлерге Ауғанстан Демократиялық Республикасында әскери борышын орындаудағы адалдығы мен батылдығы үшін алғыс білдірді.

«Шығыс аймақтық қолбасшылығының барлық әскери қызметшілері атынан және өз атымнан барлық интернационалист сарбаздарға батылдық пен табандылық үшін алғыс айтамын. Жас ұрпақты тәрбиелеуге белсенді қатысқандарыңыз сіздер секілді нақты адамдардың ерлігі арқылы жоғары моральдық бағдар мен Қазақстанды Батырлар елі ретінде пікір қалыптастырады», - деп атап өтті қолбасшы.

Жарыстың нәтижелері бойынша 28738 әскери бөлімінің командасы бірінші орынды жеңіп алды, 36803 әскери бөлімінің командасы екінші орынды еншілесе, 63310 және 12794 әскери бөлімдері бірдей уақыт көрсеткіштерімен үшінші орынды бөлісті.


Соңғы жаңалықтар