Семейде 30 эпизодқа қатысы бар алаяқ ұсталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде 30 эпизодқа қатысы бар алаяқ ұсталды. Жалпы шығын көлемі 1 млн теңгеден асады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағымдағы жылдың маусым-қазан айларында Орталық ПБ кезекші бөліміне тұрғын үйлерден, сауда орындарынан ұрлық жасалғаны туралы қала тұрғындарынан, жеке кәсіпкерлерден бірнеше өтініштер түскен. Бұдан басқа белгісіз ер адам алаяқтық жолмен мүліктерін иемденіп алғаны туралы бес азамат өтініш жазған. Бүгінгі күні барлығы 30 эпизод анықталды, жалпы шығын көлемі 1 млн теңгеден артық.

Жедел іздестіру шаралары кезінде орталық полиция бөлімінің қызметкерлері Приречный ауылының 43 жасар тұрғынын ұстады. Қазір полиция қызметкерлері ұрланған заттарды сатқан орындарды анықтауда.  Ұрланған заттардың жартысы табылып, иелеріне қайтарылды.

«Күдікті шілде айының соңында Чехов көшесі мекенжайында орналасқан дүкеннің маңында қараусыз қалған үш қорап қызанақты ұрлап, 9000 теңге шығын келтірген. 1 тамыз күні Полковничий аралында қараусыз қалып қойған «Стелс» және «Харлей» маркілі екі велосипедін ұрлап кеткен. Шығын көлемі 136000 теңге. Сондай-ақ, 20 қыркүйек күні Чехов көшесіндегі жеміс-жидек базарының маңында тұрған «Газель» автокөлігіне ашық қалған есік арқылы кіріп, құны 151 000 теңге тұратын «IPhone 6» ұялы телефонын ұрлаған. Сонымен қатар, шілде айының соңында арзан бағамен екі қорап жұмыртқа әкеліп беремін деп алаяқтық жолмен 10800 теңгені алып кеткен. Келесі алаяқтық әрекетінде ол хабарласып алуға сұрап, қайтармай қала тұрғынының «Samsung» ұялы телефонын қолды қылған», - делінген Семей қалалық ІІБ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 

Соңғы жаңалықтар