Семейде 3 жыл тұралаған жатақхана құрылысы жанданады

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде құрылысы тоқтап қалған Медицина университетінің 1000 орындық жатақханасының құрылысы қайта жанданбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жатақхананың іргетасы 2014 жылы  қаланып, бірінші қабаты бой көтерген. Бірақ 2015 жылы мердігер мекеме мен тапсырыс берушінің арасында түсініспеушілік болып,  құрылыс жұмыстары тоқтайды.

Араға бірнеше жыл салып, жатақхананың құрылыс жұмыстары қайта басталады.  Құрылысына 2 млрд 246 млн теңге  қаржы бөлінген. Ал 2014 жылы қаржының 371 млн теңгесі игеріліп, құрылыстың 16,5 пайызы атқарылған.  

«Корпустың біреу кітапхана мен асханаға арналады. Ал қалған 6 корпыста студенттер тұрады.  Бүгінгі күні Медицина университетінде  5 379 студент білім алып жатыр. Оның ішінде тек қазақстандық емес, шетелдік студенттер де бар. Сондықтан жатақхана мәселесін шешу өзекті. Құрылыс жұмыстары 2020 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр»,-деді Медицина университетінің ректоры Ерсін Жүнісов.

Айта кетейік, Аталған 1000 орындық жатақхана студенттердің баспана мәселесін шешуге ықпал етпек. Өйткені, оқу орнына еліміздің басқа өңірлері мен  шетелден келіп, білім алатын жастар көп. 

Соңғы жаңалықтар