Семейде 3 жасар бала алтыншы қабаттан құлап мерт болды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 3 жасар бала алтыншы қабаттан құлап көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 27 маусым күні сағат 17-00 шамасында Панфилов көшесінде болған. 6-қабатта орналасқан пәтердегі ашық терезеден 3 жасар бала құлап көз жұмды. Баланың анасы сол уақытта көрші бөлмеде болған.

«Көп жағдайда балалардың терезеден құлау себептері - терезелері ашық үйде қараусыз қалу, терезелерде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы темір тордың және өзге де құрылғылардың болмауы, терезе жанында үстелдің, орындық пен диванның орналасуы. Сондай-ақ қорғаныш болып көрінетін москит торлары да үлкен қауіп төндіреді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына қауіпсіздік шараларын үнемі қаперде ұстау керектігін ескертті.


Соңғы жаңалықтар