Семейде 3 күн ішінде 500-ге жуық адам жол ережесін бұзған

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы барысында 500-ге жуық заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жедел алдын алу шарасы кезінде тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғаларының өсуіне әсер ететін жол ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған рейдтер өткізді. Осылайша, 3 күн ішінде 481 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

«Көлік құралын жүргізіп келе жатып, ұялы телефон пайдаланған 34 адам жазаланса, 73 жүргізуші жаяу жүргіншілерді өткізбей қойған. Сонымен қатар түрлі заңбұзушылық жасаған велосипед, мопед жүргізушілері және жаяу жүргіншілер жазаға тартылды», - деді Семей қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Радик Сайфудинов.


Соңғы жаңалықтар