Семейде 24 жастағы бойжеткен төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 24 жастағы қыз төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға бүгін Семей қаласындағы Затаевич көшесінде болған.

«1996 жылы туған қыз 4-қабаттың терезесінен абайсызда құлап кетті. Құрбысының айтуынша, жазатайым оқиға терезелерді жуып жатқан кезде болған. Оқиға орнына дереу келген облыстық ТЖД жедел құтқару жасағының қызметкерлері арнайы жабдықтың көмегімен зардап шегушіні түсіріп, жедел жәрдем дәрігерлеріне табыстады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Белгілі болғандай, қазір қыздың жағдайы орташа ауыр.

Осы ретте департамент мамандары азаматтарға қандай жағдайда да қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Құтқарушылардың көмегі керек болса, бірден «112» нөміріне қоңырау шалу қажет.


Соңғы жаңалықтар