+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Семейде 24 қой ұрлаған үш ер адам ұсталды

2021 жылғы 2 тамыз 14:52
Бөлісіңіз:
Семейде 24 қой ұрлаған үш ер адам ұсталды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында полиция қызметкерлері 24 бас қойды 3 ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандар саны күрт өсті ШҚО-да өрт сөндіру көлігіне жол бермеген 10-ға жуық жүргізушіге айыппұл салынды Семейде жылу мәселесін шешу үшін 1,7 млрд теңге бөлінді

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Барымта» жедел алдын алу шарасы барысында тәртіп сақшылары «Семей-Қарауыл» тасжолында «Зил-130» автокөлігін тоқтатқан.

Полицейлер тексеріс кезінде көлікке тиелген ешқандай құжаты жоқ 4 қойды көреді. Анықталғандай, бұл «Семей-Қарауыл» тасжолынан 78 шақырым қашықта орналасқан 45 жастағы шаруа қожалығы иесінің малы болып шықты. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Белгілі болғандай, кәсіпкердің малын бағуға жалданған 34 жастағы екі азамат 31 жастағы семейлік танысымен қылмыс жасауға алдын ала сөз байласқан. Сөйтіп оған өздеріне бағуға сеніп тапсырылған отардан 4 бас қойды базар бағасынан арзанға тиеп берді. Қазіргі уақытта үшеуінің 2020-2021 жыл аралығында жәбірленушінің құны 1,2 млн теңгелік жалпы саны 24 қойын осындай жолмен ұрлағаны дәлелденді. Сондай-ақ күдіктілердің бұған ұқсас ашылмаған басқа да қылмыстарға қатыстарының бар жоғы тексерілуде», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT