Семейде 22-23 желтоқсан күндері жарық сөндіріледі

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 22-23 желтоқсан күндері жарық өшеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаһарда алдағы екі күнде жөндеу жұмыстарына байланысты электр қуаты сөндіріледі. «Біріккен энергетикалық сервис компаниясы» АҚ-ның ақпаратына сәйкес, 22 желтоқсанда кесте бойынша келесі мекенжайларда жарық болмайды:

- Трудовая, Амбулатория, Транспортная және Жангельдин көшелерінде сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін;

Ал желтоқсанның 23-і күні мына мекенжайларда жарықты өшіру жоспарланған:

- Көшімбаев, Целинная, Айғыз Көшкінбаева көшелерінде сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін;

- Щорс көшесі, 2 үй, Батыс тұйық көшесі, 1, 3, 5 үйлер, Бобровка көшесі, 1,2,3,4,5,6,7 үйлер, Тополиный тұйық көшесі, Лесная, Молодежная, Кленовая, Строительная көшелері мен Бобровка саяжай массивінде сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін.


Соңғы жаңалықтар