Семейде 200 жас сарбаз ант қабылдады

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның 5511 әскери бөлімінің жас сарбаздары әскери ант қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық ұланның 5511 бөлімі жас сарбаздармен толықты. Биылғы жазғы шақырым кезінде бұл бөлімге Жамбыл, Алматы, Қостанай және Қарағанды облыстарынан 200-ге жуық өрен шақырылды. Енді олар қаладағы қоғамдық тәртіпті қадағалап, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. 1 ай бойы әскери тәртіпке машықтанған сабаздар салтанатты түрде ант қабылдап, өздеріне жүктелген жауынгерлік тапсырманы мүлтіксіз орындауға серт берді. Ант қабылдау рәсімінде сөз алған әскери бөлімнің басшылары мен ардагер офицерлер, Ұлттық ұлан қатарына қосылған жауынгерлерді құттықтап, міндеттерін абыроймен атқаратынына  сенім білдірді.

   «Жас жауынгерлер бір айлық дайындықтан өтіп, Ұлттық ұланның жауынгерлік жолындағы дене шынықтыру және саптық дайындық, құқық қорғау әскерінің дағдыларына аз уақыттың ішінде бейімделіп, өздеріне мол  тәжірибе алды. Жас ұландықтар Қазақстан халқына және оның заңды түрде сайланған Президентіне адал болуға, біздің мемлекетіміздің қасиетті Конститутциясы мен заңдарын сақтауға дайын»,-деді  5511 әскери бөлім командирінің орынбасары Ғазизжан Махимов. 

nullnull

Соңғы жаңалықтар