Семейде 200-гектарға жайылған орман өрті ауыздықталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде кеше шыққан ірі орман өрті ауыздықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кеше түскі уақытта «Семей орманы» резерватының Жаңа-Семей филиалы Подгороднее орманшылығында өрт шыққан. Қатты желден қызыл жалын лезде жайылып кетті.

Өрттің жалпы ауданы шамамен 200-250 гектар аралығында. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша оттың шығу себебі – найзағайдан болуы мүмкін.

«Өртті сөндіруге департаменттен, жергілікті атқарушы органдардан, ТЖМ №68303 әскери бөлімінен 399 адам және 85 техника жұмылдырылды. Бүгін сағат 11.00-де тілсіз жау ауыздықталды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Семейде орман өртеніп жатқанын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар