Валюта бағамдары:
    usd/kzt 422.01 eur/kzt 452.06

    rub/kzt 6.75 cny/kzt 62.72
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Семейде 20-дан астам көпқабатты үй салынуда

2022 жылғы 26 қаңтар 22:58

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 20-дан астам көпқабатты тұрғын үй салынуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Қарағайлы шағын ауданында мемлекет қаражаты есебінен жалпы ауданы 130,7 мың шаршы метрді құрайтын 24 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Бұл жалпы саны 1700-ге жуық пәтер.

«Сонымен қатар осы жылы аталған шағын ауданда 1017 пәтерлік 16 несиелік үй және 13 коммерциялық үй салу жоспарлануда. Олардың жалпы ауданы 87,7 мың шаршы метрге жетеді. Бес үйді – Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры арқылы, ал 8 үйді «Ертіс ӘКК» ҰК акционерлік қоғамымен бірлесіп салынады», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Семейде тарихи орындардың біріндегі ескі үйлер сүрілетіндігін хабарлаған болатынбыз.


Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар