Семейде 20-дан астам адам көктайғақта құлап, жарақат алған

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында көктайғақта құлап, жарақат алған 20-дан астам адам дәрігерлер көмегіне жүгінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 19 ақпанда көктайғаққа байланысты жарақат алған 23 адам жедел жәрдем станциясына жүгінген. Оның 17-сі медициналық мекемеге жеткізілсе, қалғандары ауруханаға барудан бас тартты.

«10 адам дене жарақатын алса, 9 адамның қол-аяғы сынған. Зардап шеккендердің арасында балалар жоқ», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Семей қаласында екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушыларына сабақ өткізілмеді.

Сондай-ақ Шығыс Қазақтанда ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжол жабылған болатын.


Соңғы жаңалықтар