Семейде 2 оқушы қызды қаққан жүргізуші сотталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде 2 оқушы қызды қағып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі 2 жыл 6 айға сотталды. Бірақ көз жұмған қыздың ата-анасы сот шешімен келіспейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, 3 сәуір күні Қаржаубайұлы көшесінде 49 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі 2 оқушы қызды қағып кеткен еді. Ауыр жарақат алған 7 сыныптың қос оқушысының бірі жансақтау бөлімінде көз жұмған болатын.

Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізушінің үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғалып, қолхат арқылы босатылған.

Бүгін жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты.

«Сот айыпталушыны ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3 бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Осы баптың негізінде 2 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу және 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын қауіпсіздігі төмен қылмыстық атқару мекесінде өтейді»,-деді №2 соттың судьясы Жанат Әбенова.

Алайда қайтыс болған қыздың ата-анасы сот шешімімен келіспеді. Олар сотқа апелляциялық шағым түсірмекші.

Соңғы жаңалықтар