Семейде 2 қызды қаққан жүргізуші қолхатпен босатылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде мектептің 2 оқушысын қағып кеткен жүргізуші ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Ішкі істер басқармасынан мәлім еткендей, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Балаларды қағып кеткен автокран жүргізушісі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне жіберілді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, 49 жастағы жүргізушінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі бойынша іс қозғалды. 

Еске сала кетсек, кеше жүк көлігі 7-сыныптың 2 оқушысын қағып кеткен болатын.

Ауыр халде ауруханаға жеткізілген екі қыздың бірі жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Ал екінші қыздың беті бүгін бері қарады. Дəрігерлер оның денсаулығын қалыпты деп бағалауда.

«Баланың басына компьютерлік томография жасап, реанимацияға жатқыздық. Оған «ауыр дәрежедегі ашық бас-ми жарақаты», «үшінші дәрежедегі бас-миының соғылуы», сондай-ақ «бас сүйегінің ашық сынығы» диагноздары қойылып отыр. Бүгінгі күні қыздың денсаулығына төнер қауіп жоқ деуге болады. Ол есін жиды», - деді балалар ауруханасының хирургі Жалғасқан Қанапиянов.

Соңғы жаңалықтар