Семейде 19 көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлады
«Біз көпбалалы отбасыларға пәтер бөлу бағдарламасын іске асырылып келеміз. Көпбалалы аналар-еліміздің баға жетпес байлығы. Сондықтан бүгін оларға жаңа пәтерлердің кілттерін табыстағаныма дән ризамын. Әр отбасы өз үйінің жылуын сезіну қажет. Сіздерге бақыт пен мықты денсаулық тілеймін» - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.
Пәтер кілттеріне ие болған тұрғындар қуаныштарын бөлісуге асықты. Бес баланың анасы Сымбат Нұрғалиева осы сәтті 12 жыл күткен.
«Біз отбасымызбен 12 жыл бойы осы маңызды күнді асыға күттік. Бүгін міне, пәтер кілтін алып, төбеміз көкке жетердей қуанып тұрмыз. Отбасымның атынан баршаңызға алғыс айтамын», –деді қуаныш иесі С.Нұрғалиева.
Кездесудің салтанатты бөлімі аяқталғаннан кейін әкім көпбалалы аналардың үйіне кіріп, тағы бір мәрте құттықтап, жүрекжарды тілегін білдірді.