Семейде 18 жастағы қыз жоғалып кетті

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде 18 жастағы қыз бала жоғалып кетті. 16 сәуір күні үйінен шыққан ол сол күйі қайтып оралмаған,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Із-түзсіз жоғалып кеткен Әйгерім Амренова қаладағы колледждердің бірінде оқиды. Қазір Әйгерімді тәртіп сақшылары іздестіріп жатыр. Әзірге нәтиже жоқ. Бүгін қызды іздеу жұмыстарына қаладағы   "RINA. KZ-Семей" еріктілер қозғалысының мүшелері де шықпақ.

«Ата-анасы мен туған-туыстары да іздеп жатыр. Оның ұялы телефоны өшіп жатыр. Сондықтан хабарласа алмай отырмыз.  Табылып қалады деген үміт бар. Кешкі сағат 18.00-де қозғалыс мүшелері мен еріктілер Әйгерімді іздеуге шығамыз», - деді қозғалыс жетекшісі  Евгения Павел.

Әйгерімнің бойы - 167 см, орташа денелі, шашының түсі қоңыр, көзі жасыл, оң жақ бетінде меңі бар. Жалғыз баласынан көз жазып қалған ата-ана ол туралы қандай да бір ақпарат табылса +7- 747 349 57 17; +7 -702 141 22 50 нөміріне хабарласуды  сұрайды. 

Соңғы жаңалықтар