Семейде 17 жастағы жігіт суға кетті

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 17 жастағы жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 маусым күні сағат 16.48-де 2003 жылғы ер адам Холодный ключ саяжай аумағының маңындағы Ертіс өзеніне батып кеткен. Оқиға орнына 3 құтқарушы аттанған. Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиғаға себеп – шомылу барысындағы абайсыздық.

«Сағат 19.00-де сүңгуірлер 1,5-2 метр тереңдікте жатқан марқұмның денесін алып шықты. Көп жағдайда осындай қайғылы жағдайлар адамның өз кінәсінен орын алып жатады. Сондықтан арнайы жабдықталмаған жерлерде суға түсуден аулақ болу керек», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Соңғы жаңалықтар