Семейде 17 жастағы жас жігіт көпірден секіріп кетті

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде 17 жастағы жас жігіт көпірден секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстводан хабарлағандай, оқиға 22 қаңтарда сағат 17:30 шамасында болған.

Қазіргі уақытта Орталық полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 105-бабының 3-бөлім 1-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамы - Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бозбала қайтыс болды. Тергеу амалдарына байланысты оқиғаның жай-жапсары айтылмайды.


Соңғы жаңалықтар