Семейде 17 жастағы студент жоғалып кетті

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен жасөспірім іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 6 қыркүйек күні үйінен колледждегі оқуына шығып кеткен Сымбат Сабыров сол күйі қайтып оралмаған.

«102» жедел арнасына қоңырау шалған азамат 17 жастағы ағасының жоғалып кеткендігін жеткізді. Оның айтуынша, жасөспірім «Шығыс» саяжай қауымдастығындағы үйден сағат 13:00 шамасында шыққан. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жоғалған күні Сымбат Сабыров ақ көйлек, қара шалбар мен қара туфли киген. Тәртіп сақшылары оның қайда екендігінен қандай да бір хабары бар азаматтардан «102» немесе 8-747-836-48-53, 8-778-124-89-19 нөмірлеріне хабарласуларын сұрайды.


Соңғы жаңалықтар