Семейде 160 гектар аумақта орман өртеніп жатыр

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде 160 гектар аумақта орман өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1 маусымда сағат 14.27-де «Семей орманы» резерватының Жаңа-Семей филиалы Подгороднее орманшылығында өрт шыққан.

«Тілсіз жаудың жалпы ауданы шамамен 160 гектарды құрады. Қарағайлар өртеніп жатыр. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 140 адам мен 34 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ оқиға орнына қосымша ТЖМ №68303 әскери бөлімінің қызметкерлері аттанды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына найзағай себеп болған.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО трассаларында ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылғандығын хабарлаған едік .


Соңғы жаңалықтар