Семейде 16 адамды жер соқтырып кеткен алаяқ ұсталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 16 адамды алдап соққан алаяққа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 22 жастағы Екібастұз қаласының тұрғыны Семейге келіп, кеңсе жалдаған. Сол жерде ол жұртшылыққа «Құрылыс материалдарын арзанға тауып, жеткізіп беремін» деп жарнама жасайды.

Бұған сенген кейбір азаматтар келісімшартқа отырып, сұраған ақшасын бере салған. Алайда алаяқ тауарды жеткізбей, хабар-ошарсыз кетті.

«Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні қолға түсірді. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тәртіп сақшылары оның басқа да ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр», - деді Семей қалалық ПБ бастығының бірінші орынбасары Жандарбек Ахметжанов.


Соңғы жаңалықтар