Семейде 150 пəтер пайдалануға берілді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейдегі Қарағайлы шағын ауданында​ 150 пәтер пайдалануға берілді. Бұл туралы ҚазАқпарат Семей ақпарат орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 118 пәтер және «Өз үйім» бағдарламасы бойынша 32 пәтер өз иесін тапты.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бизнесті дамыту бөлімінің бастығы Меруерт Ахметуллинаның айтуынша, «Нұрлы жер» бағдарламасымен Қарағайлы шағын ауданында 368 пәтер қолданысқа берілген.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы төлем қабілеті төмен топтарға кредит беруді көздейді. Мұнда несие беру мөлшерлемесі жеңілдетілген. Бағдарлама бойынша бастапқы жарна - тұрғын үй құнының 20 пайызы болса, пайыздық мөлшерлеме - 5 пайыз. Бірақ соңғы 5 жыл ішінде қатысушылардың меншігінде тұрғын үй болмауы тиіс», - дейді М. Ахметуллина.null

Құрылыс компанияларының өкілдері көпқабатты үйлер сапалы құрылыс материалдарынан салынғанын айтты. Кепілдік мерзімі - 3 жыл. Кепілдік аяқталғаннан кейін тұрғындар пәтер иелерінің кооперативімен бірлесе отырып, үйлерді бақылауға алады.

«Тұрғындар сатып алу-сату шартын рәсімдеп, барлық құжаттарды қолға алғаннан кейін​ компания өкілдеріне қоңырау шалады. Біздің мамандар пәтер иелерімен бірге пәтерді тексереді. Егер қандай да бір ескертулер мен өтініштер болса, жеке тәртіпте қаралып, шешімін табады. Көп жағдайда пәтер иелері ескерту айтпайды»,-дейді​ «Азия» ЖШС өкілі Арлан Күзбаев.

Сонымен қатар, Қарағайлы жаңа шағын ауданында 4 орта мектеп пен 5 балабақша салу жоспарланып отыр. Кейбір әлеуметтік нысандарға жер телімі бөлініп қойған.

Соңғы жаңалықтар