Семейде 150 адамға арналған мүгедектерді оңалту орталығы бой көтермек

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 150 адамға арналған мүгедектерді оңалту орталығы бой көтермек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семей әкімдігінде өткен жиында қаланы дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары талқыланды. Жалпы инфрақұрылым, абаттандыру, тұрғын үй құрылысы, білім, денсаулық сақтау, спорт, кәсіпкерлік, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету сынды салаларға қатысты 56 іс-шараны жүзеге асыру көзделіп отыр.

«Іске асырылған жобалардың ішінде Восход кентіндегі күнбағыс, рапс пен сояны қайта өңдеу бойынша автоматтандырылған кешеннің салынғанын атап өтуге болады. Денсаулық сақтау саласында 35-ші квартал ауданында облыстық онкологиялық диспансердің радиологиялық орталығы іске қосылды. Оқушылар орнының тапшылығын жою мақсатында Шығыс кентінде 1200 орындық, ал Степной кентінде 300 орындық екі орта мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Сондай-ақ биыл 42,3 шақырым жолды жөндеу жұмыстары жүргізілуде», - деді шаһар әкімі Бақытжан Байахметов.

Қарағайлы шағын ауданында жалпы ауданы 328 мың шаршы метрді құрайтын 65 көппәтерлі тұрғын үй салынуда. «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 64 жер үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, қалада 150 орындық мүгедектерді оңалту орталығының құрылысы басталды. Осы мақсатта 5,4 млрд теңге бөлінген.


Соңғы жаңалықтар