+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Семейде 15 мың теңгеге вакцина паспортын сатқан медицина мамандары ұсталды

2021 жылғы 2 тамыз 11:25
Бөлісіңіз:
Семейде 15 мың теңгеге вакцина паспортын сатқан медицина мамандары ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Полиция Шығыс Қазақстан облысында 30-дан астам адамға жалған вакцина паспортын сатқан мемдицна қызметкерлерін ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО тұрғындары көмір сапасыздығына шағымдануда ШҚО құтқарушылары «жойқын жер сілкінісіне» дайындалу үшін оқу-жаттығу өткізуде ШҚО тұрғынынан қару-жарақ арсеналы тәркіленді

Бұл туралы баспасөз өкілі Ішкі істер министрлігінің баспасөз өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның ақпарат алаңында өткен онлайн брифингіде айтты.

«Шығыс Қазақстан облысының полицейлері вациналау паспортын қолдан жасап, сату әрекетінің жолы кесті. Семей қаласында жедел іздестіру шарасын жүргізу кезінде екі медициналық қызметкердің жалған құжат сатып ақша таппақ болғаны анықталды. Ол үшін қаладағы медициналық-әлеуметтік мекемелердің бірінде жұмыс істейтін бір қызметкер өзінің есепшотына жекелеген азаматтардан 15 мың теңге көлемінде ақша қабылдап отырған. Ол ақшаның 10 мың теңгесі мен құжатқа тапсырыс берген азаматтың жеке куәлігінің көшірмесін жедел медицицналық жәрдем орталығындағы таныстарына беріп отырған. Олар әлгі азаматтардың жеке мәліметтерін вакцина алған адам ретінде деректер базасына енгізген», - деді ІІМ өкілі.

Қазір аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, жалған паспорт жасатқандардың нақты санын анықтау жұмыстары жүріп жатқан көрінеді.

«Қылмыстық іс аясында заңнан аттаған азаматтар анықталып, тергеліп жатыр. Ұсталған мамандардың айтуынша, олар 30-дан астам қала тұрғынына жалған вакцина құжатын сатқан. Бірақ тергеуші мамандардың пікірінше, бұл сан әлдеқайда көп болуы мүмкін. Тергеу қорытындысы бойынша заңсыз жолмен базаға енгізілген жалған мәліметтердің бәрі жойылады.

ШҚО полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев айтқандай, медициналық қызметкерлердің бұл әрекеті Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша қаралып жатыр. Бұл бап 4 жылға дейін бас бостандығына айыру жазасын көздейді», - деді Шұғыл Тұрлыбек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT