Семейде 136 көшенің жарық шамдары ауыстырылады

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 136 көшенің жарық шамдары ауыстырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы Семей әкімдігінде өткен жиын барысында шаһар басшысы Бақытжан Байахметов мәлім етті.

«Семей көшелерін жарықтандыруды жаңғырту» жобасы аясында 136 көшеге 7 659 шам орнату немесе ауыстыру жұмыстары жүргізілмек. Сондай-ақ 687 бағана мен 2 602 кронштейн орнатылып, 130 шақырым кабель тарту жоспарланған. Жобаға сәйкес 70 көшеге Everlight өндірісінің 2000 шамы орнатылады», - деді әкім.

Оның айтуынша, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша Бейбітшілік, Смычка, Затон және Мирный аудандарында Ертіс өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары жүргізілуде.

«Халықты таза ауызсумен қамту мақсатында Шақаман және Абыралы ауылдарына жалпы ұзындығы 40,3 шақырымды құрайтын су құбыры желілерін салу, Суықбұлақ ауылында 24 шақырымдық су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары қолға алынған», - деді Бақытжан Байахметов.


Соңғы жаңалықтар